17.06.2009, 16:08 2487

Қазақстан мен Бразилия президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Бразилия Федеративтік Республикасының президенті Луис Инасио Лула да Сильва өзара келіссөздердің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Бразилия Федеративтік Республикасының президенті Луис Инасио Лула да Сильва өзара келіссөздердің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанаға мемлекеттік сапармен келген Бразилия Федеративтік Республикасының президенті Луис Инасио Лула да Сильвамен кездесті.

Ақордадағы ресми қарсы алу рәсімінен кейін шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтті.

Мемлекет басшылары Қазақстан мен Бразилия арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың перспективасын талқылады және оларды дамытуға зор әлеуеттің барын атап өтті.

Қазақстан Бразилияны Латын Америкасындағы перспективалы сыртқы саяси және сауда-экономикалық әріптесі ретінде қарастырады.

Өз кезегінде Бразилия Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы жетістіктерін, Астананың экономиканы әртараптандыруға және әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кіруге деген ниетін жоғары бағалайды.

Саяси тұрғыдан алғанда, өзара іс-қимылды кеңейту үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Жоғары деңгейде сенімді диалог қалыптасты. Парламентаралық байланыстарды жандандыруға тиісті жағдай тудырылған. ҚР Парламенті Мәжілісінде "Қазақстан-Бразилия" ынтымақтастығы депутаттық тобы құрылды.

Келіссөздер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың серпінді дамуы аталып өтті. 2008 жылы Қазақстан мен Бразилия арасындағы тауар айналымының көлемі екі есеге дерлік артып, 275 млн. долларды құрады. Алайда, өзара сауда көлемі екі елдің экономикалық әлеуетіне сай емес.

Қазақстан Президенті іскерлік байланыстарды жандандыру үшін ынтымақтастықтың маңызды тетігі - Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия құру қажеттігін атап өтті. Қазақстан мен Бразилияның тиісті мемлекеттік органдарының жұмысын жеделдетіп, ағымдағы жылдың соңына дейін Қазақстан-Бразилия үкіметаралық комиссиясын қалыптастыру ұсынылды.

Тараптар Қазақстан экономикасын әртараптандырудың "серпінді" жобаларына бразилиялық бизнестің қатысу мүмкіндігін талқылады.

Н.Назарбаев Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін барлық жағдай жасалғанын, атап айтқанда ымырашыл нарықтық экономика, шетелдік инвестициялардың қорғалуын толық қамтамасыз ететін заңнама қалыптасқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, Бүкіләлемдік Банк Қазақстанды әлемдегі барынша тартымды инвестициялық ахуалы бар 20 елдің қатарына қосты.

Екіжақты ынтымақтастықта энергетика, металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылығы, авиация мен ғарыштық зерттеулер, туризм және спорт салалары келешегі зор бағыттар болып табылатыны атап өтілді.

Н.Назарбаев пен Л.И.Лула да Сильва халықаралық саясат мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықаралық лаңкестікпен күрес, әлемдік ауқымда қаржылық-экономикалық тұрақтылықты топтастыру мәселелері жөніндегі екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілік танытты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны