12.06.2012, 16:19 2935

Қазақстан мен Чехия арасында саяси сұхбат қалыптасты

Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімов Чехия Республикасының индустрия және сауда вице-министрі Милан Говорка мен Чехия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бедржих Копецкимен кездесті.

Алматы. 12-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Чехия арасында саяси сұхбат қалыптасты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімов Чехия Республикасының индустрия және сауда вице-министрі Милан Говорка мен Чехия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бедржих Копецкимен кездесті.

Онда қазақстандық-чехиялық үкіметаралық комиссияның Алматы және Өскемен қалаларындағы экономикалық, ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік саладағы іскерлік байланыстары сөз болды.

Милан Говорканың айтуынша, 20 жылдың ішінде Қазақстан мен Чехия арасында саяси сұхбат қалыптасты. Парламентаралық, өңірлік, сауда- экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар жыл сайын нығаюда. Чехияны қазір Алматының тұрақты инвестициялық мүмкіндіктері мен кемел келешегі ерекше қызықтыруда.

Ал қала әкімі өз кезегінде еліміздің қаржы, мәдениет, білім мен ғылым, іскерлік және туризм орталығы болып табылатын Алматы үшін Чехиямен сауда-экономикалық, мәдениет пен туризм және басқа да салаларда тығыз байланыс орнату өте маңызды екендігін айтты. Қазақстанның ірі сауда- өнеркәсіптік орталығы болып табылатын бұл шаһардың Европа мен Азияны байланыстыратын геосаясаттық маңызын да тілге тиек етті.

Статистикалық деректерге қарағанда, екі елдің арасындағы тауар айналымының көлемі 2011 жылы 2,2 пайызға өсіп, 211,7 миллион долларды құрады. Бұл көрсеткіш 2010 жылы 207,1 миллион доллар көлемінде болған еді. Қазақстан Чехияға мұнай-газ, химия өнеркәсібі өнімдерін және металл экспорттайды. Ал ол жақтан еліміз түрлі құрал-жабдықтар, құрастырушы материалдар, тазалау жабдықтары, электротехникалық приборлар, фармацевтика өнімдерін, жиһаз, әйнек, керемика және өзге де халық тұтынатын тауарларды импорттайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны