20.04.2012, 13:59 3392

Қазақстан мен ЭЫДҰ-ның арасында белсенді ынтымақтастық орнатылуда

Е.Орынбаев өз сөзінде, біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға бағытталған жобаларды бірлесіп іске асырудың оң нәтижелеріне тоқталды. Ұйымның инвестициялық саясат, агробизнес, ақпараттық технологиялар секторларына және өңірлерді дамыту саласына қатысты ұсыныс-кеңестерін Қазақстанның нәтижелі іске асырып жатқанын атап көрсетті.

Астана. 20-сәуір. Kazakhstan Today - 19 сәуірде Парижде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев бастаған қазақстандық делегация Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Орталық Азия елдері бойынша бастамашылығы Басқарушы комитетінің жұмысына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Е.Орынбаев өз сөзінде, біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға бағытталған жобаларды бірлесіп іске асырудың оң нәтижелеріне тоқталды. Ұйымның инвестициялық саясат, агробизнес, ақпараттық технологиялар секторларына және өңірлерді дамыту саласына қатысты ұсыныс-кеңестерін Қазақстанның нәтижелі іске асырып жатқанын атап көрсетті.

Вице-премьердің баяндамасын тыңдаған Басқарушы комитеттің мүшелері ЭЫДҰ Бастамашылығын іске асыру жөніндегі Қазақстан Үкіметінің күш-жігеріне жоғары баға берді. Олар Қазақстанның Орталық Азиядағы айтулы ролін атап көрсетті.

Ербол Орынбаев ЭЫДҰ Бас хатшысының орынбасары Ринтаро Тамакимен кездесті және Қазақстанның осы ұйыммен ынтымақтастықты арттыруға дайын екенін жеткізді. Атап айтқанда, біздің еліміздің ұзақмерзімдік және тиімді экономикалық стратегиясын қалыптастыру ісіне ұйымның сарапшыларын тарту туралы ұсыныс жасалды. Және аумақтық дамудың, салық саясатын жетілдірудің, білім беру саласындағы әлеуетті толыққанды ашудың маңыздылығы атап көрсетілді.

Бұл шара Қазақстанның ЭЫДҰ негізгі комитеттерінің жанындағы бақылаушы мәртебесін алу үдерісіндегі және ұйымға мүше елдермен экономикалық ынтымақтастықтың жаңа сапалық деңгейіне әрі қарай көтерілу процесіндегі маңызды кезең болып отыр.

Қазақстан Республикасының экономикасына тартылған барлық шетелдік инвестицияның 70 пайыздан астамы ЭЫДҰ елдерінің үлесі екенін айта кету керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны