06.10.2009, 16:10 2781

Қазақстан мен Франция Ауғанстандағы ахуалды бейбіт жолмен реттеу мәселесі бойынша пікірлес - Назарбаев

Қазақстан мен Франция Ауғанстандағы ахуалды бейбіт жолмен реттеу мәселесі бойынша пікірлес - Назарбаев

Астана. 6 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Франция Ауғанстандағы ахуал әскери әдіспен емес, бейбіт жолмен реттелуге тиіс деген мәселе бойынша пікірлес. Бұл туралы Қазақстан президенті бүгін Франция Республикасының президенті Николя Саркозимен келіссөздерден кейін өткен бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстан мен Орталық Азиядағы қауіпсіздік туралы сөз қозғағанда біз Ауғанстан, Иран, Ирак және Израиль-Палестина шиеленісі туралы мәселені айналып өте алмаймыз. Сол себепті біз бұл мәселе туралы жан-жақты талқыладық. Біз бұл мәселені әскери жолмен шешуге болмайды деген пікірге тоқайластық", - деді Н. Назарбаев.

"Көрсетілетін көмекті дұрыс құрылымдай отырып, Ауған халқын қалыпты тіршілікке ден қойдыру қажет. Ол үшін көп іс тындыру керек. Онда мектептер де, жолдар да жоқ, мамандарды дайындау қажет. Біз осы жөнінде сөз қозғадық. Иран проблемасын үлкен алаңдаушылықпен талқыладық", - деді президент.

"Бұл мәселелердің барлығы бойынша біздің пікіріміз ортақ", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны