13.06.2008, 10:37 1457

Қазақстан мен Франция бизнесмендері Іскерлік кеңес құруда

Қазақстан мен Франция бизнесмендері Іскерлік кеңес құруда

Астана. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Франция бизнесмендері Іскерлік кеңес құруда. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады.

"Көлік, энергетика және атом салаларындағы қол қойылған келісімдер мен меморандумдардан басқа "Қазақстан - Франция" бизнес-форумында қабылданған маңызды шешім Іскерлік кеңестің құрылуы болды. Оған үкіметпен жұмыс тәжірибесі бар екі елдің ірі кәсіпкерлері кіреді", - деді Б. Сұлтанов.

Оның айтуынша, Кеңес қызметі экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссиясының жұмысы аясында іске асырылатын болады. Бұл ретте кәсіпкерлердің кездесулері үкіметаралық деңгейге қарағанда екі есе жиі өткізу көзделіп отыр.

"Біздің пайымдауымызша, қабылданған шешімдер экономикалық ынтымақтастық қақынының артуы мен Франция президенті Николя Саркозидің келер жылдың көктеміне жоспарланған жауап сапарына зор серпін беруге қабілетті. Біз нақты жобалары бар келісімдер мен келісімшарттардың жаңа пакетін дайындау жоспарын алдымызға қойып отырмыз", - деп атап көрсетті Б. Сұлтанов.

"Бұл бізді қос президенттің былтырғы БҰҰ Ассамблеясындағы кездесуінде белгілеген Қазақстан мен Франция арасындағы сауда айналымын екі еселендіру мақсатына жақындатады", - деп толықтырды ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны