15.09.2011, 16:00 3312

Қазақстан мен Германия ауылшаруашылық және азық-түлік саласында ынтымақтастық жасау туралы келіссөздер жүргізуде

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар соңғы екі жыл ішіндегі бірлесіп жасалған жұмыстардың қорытыншысын шығарды. Сонымен қатар жаңа пилоттық бағдарламалар ұсынылып, серіктестік саласын кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.

Астана. 15-қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман мен Германия Аызқ-түлік, ауыл шаруашылығы және тұтынушы құқығын қорғау министрлігінің парламенттік статс-хатшысы ауыл шаруашылығы мен сауда-саттық саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар соңғы екі жыл ішіндегі бірлесіп жасалған жұмыстардың қорытыншысын шығарды. Сонымен қатар жаңа пилоттық бағдарламалар ұсынылып, серіктестік саласын кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.

Сондай-ақ, "LAVES" тұтынушылар құқығын қоғау және азық-түлік қауіпсіздігі федералдық институтының (ГФР) өкілдері өз ветеренарлық бақылау жүйесімен таныстырып, сонымен қатар Қазақстандағы ветеренарлық жүйені жақсарту бойынша кеңестерін берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны