20.12.2012, 09:25 4659

Қазақстан мен Германия энергетикалық тиімділік бойынша инвестициялық жобалар әзірлеуде

Бұл туралы Неміс энергетикалық агенттігінің басқарма төрағасы Штефан Колер қазақстан-герман энерготиімділік орталығының тұсаукесер-семинарында мәлім етті.

Астана. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Германия энергетикалық тиімділік бойынша инвестициялық жобалар әзірлеуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Неміс энергетикалық агенттігінің басқарма төрағасы Штефан Колер қазақстан-герман энерготиімділік орталығының тұсаукесер-семинарында мәлім етті.

"Энерготиімділікті іске асыру үшін жүргізілген энергоаудитке негізделген инвестициялық жобалар 2013 жылдың соңына қарай дайын болады",- деді Ш.Колер.

Айта кету керек, орталықта Германиядан жеткізілетін техникалық жабдықтармен жарақталған екі оқу зертханасы және инновациялық энергетикалық технологиялардың көрмесі жұмыс істейді.

Ш.Колердің айтуынша, бүгін таныстырылған энерготиімділік орталығы энергетикалық тиімділік пен энергия үнемдеу саясатын дамыту мақсатында құрылып отыр, онда энергоаудит бойынша оқу бағдарламалары, біліктілікті жетілдіру курстары ұйымдастырады.

Тағы бір айта кететін мәселе, энергоаудитті оқыту үшін елімізге мамандар шақырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны