25.04.2012, 09:12 3710

Қазақстан мен Германия құрылыс саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылауда

Ол жерлерде Қазақстанда қолжетімді баспана салу үшін озық құрал-жабдықтар мен жоғары технологиялар пайдалану саласында ынтымақтастық орнату мүмкіндігі туралы келіссөздер өтті.

Астана. 25-сәуір. Kazakhstan Today - 24 сәуір күні Магдебург қаласында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Серік Ахметов бастаған ҚР үкіметтік делегациясы "M?ller-Altvatter GmbH", "B.T. innovation GmbH" компанияларының үй салу комбинаттарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ол жерлерде Қазақстанда қолжетімді баспана салу үшін озық құрал-жабдықтар мен жоғары технологиялар пайдалану саласында ынтымақтастық орнату мүмкіндігі туралы келіссөздер өтті.

Сондай-ақ С.Ахметов Саксония-Анхальт Федералдық жерінің премьер-министрі Райнер Хазелофпен кездесті.

Түстен кейін қазақстандық делегация "Euroglas GmbH" компаниясының шыны зауытында болды. Бұл жерде тараптар немістің "DTEC Engineering" компаниясымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының аумағында дөңгелек шыны шығаратын алғашқы зауыт салу мәселесін талқылады.

Айта кетерлігі, Қазақстан осы құрылыс материалын қазіргі таңда 100 пайызға шет елдерден импорттап отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама әзірлеп, оны жүзеге асыруды тапсырған болатын. Осыған байланысты ҚР Үкіметі "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасын дайындаған, бағдарлама келесі айда қабылданады деп болжануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны