02.07.2009, 14:12 3397

Қазақстан мен Испания бірқатар келісімдерге қол қойды

ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев пен Испанияның Сыртқы істер министрі М.Моратинос "Қазақстан мен Испания Үкіметтері арасында Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы" конвенцияға қол қойды.

Астана. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Испания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратиностың Қазақстанға сапары аясында Қазақстан мен Испания арасында Стратегиялық әріптестік туралы шарт, "ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Испания Корольдігінің Өнеркәсіп, туризм және сауда министрлігі арасында Туризм саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум" және Испания мен Қазақстан арасында 2009-2011 жылдар кезеңіне арналған Білім, ғылым, мәдениет, жастар және спорт саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы секілді құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Сонымен қатар, ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев пен Испанияның Сыртқы істер министрі М.Моратинос "Қазақстан мен Испания Үкіметтері арасында Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы" конвенцияға қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны