21.11.2012, 17:47 2878

Қазақстан мен Испания ұстап беру және сотталған адамдарды тапсыру туралы шартқа қол қойды

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Испанияда сапарда болды, оның барысында Испания Корольдігінің Иділет министрі Альберто Руис-Гальярдонмен келіссөздер жүргізілді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Астана. 21-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Испания ұстап беру және сотталған адамдарды тапсыру туралы шартқа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Испанияда сапарда болды, оның барысында Испания Корольдігінің Иділет министрі Альберто Руис-Гальярдонмен келіссөздер жүргізілді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы ұстап беру және сотталған адамдарды тапсыру туралы шартқа қол қойылды.

Қазақстанның бас қадағалау органы басшысының айтуынша, осы оқиға өзінің мәні бойынша қылмысқа қарсы халықаралық күрес саласындағы "Еуропаға жасалған серпіліс" болып табылады, өйткені Испания бүгінгі танда қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық шарттардың толық топтамасы жасалған алғашқы еуропалық мемлекет болып отыр.

Өткен жылы жазда испандық тарап қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы мемлекетаралық келісімге қол қойған болатын, бұл өз кезегінде қылмыспен күрес саласындағы қазақстандық-испандық ынтымақтастықтың бастамасы ретінде болғанын естеріңізге сала кетейік.

Кездесу барысында тараптар орнатылған екіжақты қарым-қатынастарға ризашылықтарын білдіріп, өзара ынтымақтастықтың болашағын талқылады. Иңгімелесушілер халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қаматамасыз ету бойынша стратегиялық міндеттемелердің шеңберінде осы заманғы қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұруға өзара күш-жігерлерін шоғырландырудың өзектілігі артып келе жатқанын атап өтті.

Қол қою рәсімінен кейін өткен баспасөз мәслихаты кезінде Қазақстанның Бас прокуроры қол қойылған құжаттар екі мемлекеттің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және қылмыстылықпен күрес қызметіне, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге маңызды үлес қосуға бағытталғанын ерекше атап көрсетті.

Сондай-ақ А.Дауылбаев осындай шарттарды жасасу Қазақстанның құқықтық жүйесіне Еуропа сенімінің өсіп келе жатқанының және елімізде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдігін қамтамасыз ету тетіктерінің жалпыға танылған стандарттарының жасалғанының куәсі ретінде болып отырғанын айтты.

Сапар барысында Қазақстанның Бас прокуроры Испания Парламенті Сенаты спикерінің бірінші орынбасары, Қазақстанның достары клубының төрағасы Хаун Хосе Лукас Хименеспен кездесті. Кездесуде тараптар аймақтық қауіпсіздік бойынша пікір алмасып, трансұлттық қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған өзара үйлестірілген іс-қимылдардың маңыздылығын атап көрсетті.

Сонымен бірге А.Дауылбаев Испанияның Бас прокуроры Эдуардо Торрес-Дульсемен кездесу өткізді. Тараптар қол қойылған шарттарды іске асыруға қатысты мәселелерді талқыға салып, екі елдің қадағалау органдарының қалыптасуы мен дамуының тәжірибесі туралы ақпаратпен алмасты, сондай-ақ өзара ынтымақтастықтың болашағын жоспарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны