18.02.2013, 11:09 5845

Қазақстан мен Италия әскери ынтымақтастық келешегін талқылайды

Италия Қорғаныс министрі адмирал Джампаоло Ди Паола 19 ақпанда Қазақстанға алғашқы сапармен келеді.

Астана. 18-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Италия әскери ынтымақтастық келешегін талқылайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Италия Қорғаныс министрі адмирал Джампаоло Ди Паола 19 ақпанда Қазақстанға алғашқы сапармен келеді.

Сапар бағдарламасына сәйкес Қазақстан мен Италия қорғаныс министрлері кездесіп, екіжақты әскери және әскери-техникалыұ ынтымақтастықты дамыту келешегін талқылайды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің бүгінгі хабарламасында айтылған.

Келіссөз тақырыптарының бірі Қазақстан мен Италияның қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастығын нығайту және жандандыру мәселесі болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны