14.12.2012, 16:14 9873

Қазақстан мен Италия Милан-2015 және Астана-2017 көрмелерін үйлестіру туралы келісті

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толуына арналған шаралар кешені аясында Қазақстан Республикасының елшісі Андриан Елемесов Италияның өндірістік-іскерлік орталығы - Милан қаласында жұмыс сапарымен болып қайтты, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Италия Милан-2015 және Астана-2017 көрмелерін үйлестіру туралы келісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толуына арналған шаралар кешені аясында Қазақстан Республикасының елшісі Андриан Елемесов Италияның өндірістік-іскерлік орталығы - Милан қаласында жұмыс сапарымен болып қайтты, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Жүргізілген келіссөздер барысында Милан әкімшілігі басшылығының өкілдері елшіліктің 2013 жылдың көктемінде Қазақстанның Мәдениет күндерін ұйымдастыру туралы идеяны қолдады.

Баспасөз қызметі атап айтқандай, қазақстандық дипломаттың Милан мэры Джулиано Писапиямен кездесуінде Милан-2015 және Астана-2017 халықаралық көрмелерін өткізуге дайындық аясында екі ел тәжірибе алмасу және тәсілдерді үйлестіру туралы келісімге келді.

Өткізілген бизнес-форум қорытындысы бойынша Миланның іскерлік орталары мен Қазақстан өңірлері арасындағы инвестициялық-экономикалық ынтымақтастықты әр қарай кеңейту жөнінде шешім қабылданды. Шараға қатысушылар қазақстандық әріптестерімен жұмыс байланыстарын нығайту үшін Қазақстанға келу ниетін білдірді.

Форум шеңберінде фотокөрме ұйымдастырылды, онда қазіргі Қазақстанның негізгі саяси, экономикалық және мәдени-әлеуметтік жетістіктері туралы суретті материалдар ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны