30.06.2009, 17:55 7411

Қазақстан мен Израиль түрлі салалардағы өзара ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойды

Қазақстан мен Израиль түрлі салалардағы өзара ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойды

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Израиль түрлі салалардағы өзара ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Астанада Қазақстанның үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Израиль президенті Шимон Перестің қатысуымен "Қазақстан - Израиль бизнес-форумы" өтті.

Форум шеңберінде Қазақстан үкіметі мен Израиль Мемлекеті арасында метрология және стандарттау, ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарға игеру және дипломатиялық ынтымақтастық салаларында екіжақты келісімдерге қол қойылды.

Атап айтсақ, Қазақстан үкіметі мен Израиль Мемлекеті арасында дипломатиялық және қызметтік паспорт иелері үшін визалық режимді алып тастау туралы келісімге; Қазақстан үкіметі мен Израиль Мемлекеті арасында стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі келісімге; ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта игеру және пайдалану жөніндегі келісімге; "Экспортты дамыту және ілгерілету жөніндегі "Kaznex" корпорациясы мен Израильдің халықаралық ынтымақтастық және экспорт институты - Ieici арасындағы өзара көмек туралы келісімге, сондай-ақ, Қазақстанның Deta Air және Израильдің Israel Airspace Industry компаниясы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.

Форумда Қазақстан мен Израиль арасындағы ауыл шаруашылық, фармацевтика, ғылыми технологиялар, балама технологиялар, ғарыш, стандарттау және метрология саласындағы әріптестік байланыстар мүмкіндігі сараланды.

"Бүгін бірнеше экономикалық сала бойынша келісім жасалмақ. Бұл біздің екіжақты мақсаттарымызды іс жүзінде орындауға кең жол ашатын отырыс. Қазақстан жаңа индустрияландыру саясатын жасап келеді. Израиль ауыл шаруашылығы саласында, соның ішінде жаңа технологияларды қолдануда жоғары деңгейлерге жетіп отыр. Ауыл шаруашылығын дамыту Қазақстанның ең негізгі бағыттарының бірі", деді премьер-министр Кәрім Мәсімов.

Үкімет басшысы екі ел арасындағы әлеуетті салалардың ішінде фармацевтиканың орнын ерекше атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны