24.09.2009, 18:51 3062

Қазақстан мен Канада атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы ниет хаттамасына қол қойды

Қазақстан мен Канада атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы ниет хаттамасына қол қойды

Астана. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Канада атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы ниет хаттамасына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Канаданың халықаралық сауда министрі Стокуэлл Дэймен кездесті.

Кездесу барысында екі елдің сауда - экономикалық қарым - қатынасындағы әлеуетті әрі қарай іске асыру жайы талқыланды.

Тараптар инвестицияларды өзара ынталандыру және қорғау саласындағы, сондай - ақ, энергетика саласы бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілік білдірді.

Кездесу соңында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев пен Канаданың халықаралық сауда министрі Стокуэлл Дэй атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы ниет хаттамасына қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны