10.08.2012, 15:29 2792

Қазақстан мен Қырғызстан Орталық сайлау комиссиялары өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, меморандумға қол қою екі елдің сайлау органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолындағы маңызды және уақтылы қадам болып табылады.

Астана. 10-тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов пен Қырғыз Республикасы Сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі Орталық комиссиясының төрағасы Тұйғұнаалы Ибдірәйімов екі ведомство арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, меморандумға қол қою екі елдің сайлау органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолындағы маңызды және уақтылы қадам болып табылады.

"Біздің елдеріміз бен халықтарымыздың арасындағы туысқандық, тату көршілік қарым-қатынастың тамыры ғасырлар қойнауында жатқаны белгілі. Бүгінгі күні екі республика арасында тығыз экономикалық, саяси және мәдени ынтымақтастық орнаған. Мұндай ынтымақтастық сайлауларды ұйымдастыру мен өткізу, сайлау жүйелерін дамыту мен жетілдіру саласында да қарқынды дамып келе жатқаны белгілі. Сондықтан, қол қойылып отырған меморандум аясында біздің ынтымақтастығымыз бен серіктестігіміз жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін. Бұл Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының ортақ демократиялық құндылықтары болып табылатын идеалдар мен ұстанымдардың, солардың ішінде азаматтардың конституциямен бекітілген сайлау және сайлану құқығының іске асырылуы мен қорғалуын неғұрлым тиімді қаттамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп баса айтты Қ.Тұрғанқұлов өз сөзінде.

Сондай-ақ тараптар екі мемлекеттің тең құқықтары мен мүдделерін құрметтеу, әрқайсының заңнамаларын сақтау негізінде әзірленген бұл құжатқа қол қою сайлау процесі саласындағы қазақ-қырғыз ынтымақтастығының дамуына соны серпін береді, екі елдің сайлау органдары арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды кеңейту үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады деген үміттерін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны