04.07.2006, 18:17 2905

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты жоғары бағалайды

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты жоғары бағалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Екі ел арасында саяси және экономикалық қандайбір проблема жоқ. Біз бұл табысқа аса қуаныштымыз”,- деп мәлімдеді Н.Назарбаев бүгін Астанада Құрманбек Бакиевпен кеңейтілген құрамда өткізілген кездесу барысында.

“Біздің өзара ықпалдастығымыз аясында ешбір қиындық жоқ. Екі ел арасында жақын әрі жылы қарым-қатынас орныққан”,- деп атап өтті Қырғызстан мемлекет басшысы
“Қырғызстан экономикасына Қазақстаннан салынған инвестиция көлемі өткен жылғымен салыстырғанда екі есеге өсті. Біз сіздердің Қырғызстан экономикасына мейлінше белсендірек инвестиция салуыңызды қалаймыз”,- деді Қырғызстан президенті еліміз кәсіпкерлеріне қаратып айтқан сөзінде.

Н.Назарбаев көршілес елдің студенттерін Қазақстанның есебінен отандық жоғары оқу орындарында оқытуға еліміздің дайын екенін мәлімдеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны