04.12.2012, 19:20 3107

Қазақстан мен Қырғызстанда тауар айналымын 1 млрд. АҚШ долларына дейін арттыруға мүмкіндік бар

Кездесуде сауда- экономикалық және инвестициялық салалар бойынша екіжақты ынтымақтастық туралы кең көлемді мәселелер талқыланды.

Бішкек. 4-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Қырғыз Республикасындағы жұмыс сапары аясында осы елдің Премьер- Министрі Жанторо Сатыбалдиевпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесуде сауда- экономикалық және инвестициялық салалар бойынша екіжақты ынтымақтастық туралы кең көлемді мәселелер талқыланды.

"Қазақстан мен Қырғызстанда тауар айналымын 1 млрд. АҚШ долларына дейін арттыруға мүмкіндік бар. Бұл үшін біздің елдеріміз арасындағы қол жеткізілген келісімдерді дамыту қажет",- деді әңгіме барысында С.Ахметов.

Өз кезегінде Ж.Сатыбалдиев Қазақстанмен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап көрсетті. "Біз Қазақстанды стратегиялық әріптесіміз ретінде қабылдаймыз, екі елді байырғы тарихи және экономикалық қарым-қатынастар байланыстырып отыр",-деді Қырғызстан Премьер-Министрі.

Тараптар сондай-ақ, бірлескен қазақ-қырғыз Инвестициялық қорының қызметін талқылады. Аз ғана мерзім ішінде қор екіжақты экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал еткен бірқатар іргелі жобаларды қаржыландырды. С.Ахметов "Инвестициялық қордың жұмысын дамыта түсу қажеттігіне" тоқталды.

Қазақстан қырғыз экономикасының ірі инвесторларының бірі болып табылады. Қырғызстанда энергетика, газ тасымалдау саласы, өнеркәсіп, құрылыс материалдарының өндірісі, банк секторы сияқты экономиканың түрлі салаларында қазақстандық капиталдың қатысуымен 400-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны