24.02.2010, 12:40 2876

Қазақстан мен Қырғызстанның Бас прокуратуралары өзара тәжірибе алмасты

Қазақстан мен Қырғызстанның Бас прокуратуралары өзара тәжірибе алмасты

Алматы. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Қырғызстанның Бас прокуратуралары өзара тәжірибе алмасты, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, үстіміздегі жылдың 24 ақпаны күні Алматыға Қазақстан Республикасы үкіметі мен Қырғызстан Республикасы үкіметінің 1997 жылдың 8 сәуіріндегі келісімінің шеңберінде тәжірибе алмасу үшін Қырғызстан Республикасы Бас прокуратурасының делегациясы келді.

Қарғызстан Республикасы прокурорларын Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына құжат айналымы жүйесінің автоматтандырылуын, барлық саладағы функциялық мәселелерді шешудегі ақпарат жинау, есепке алу, сақтау және ақпаратты көпмақсатты өңдеу әдістемелері, сондай-ақ басқа да қадағалау қызметтерін енгізу мен пайдалану тәжірибелері қызықтырды.

Құрамында Қырғызстан Республикасы Бас прокуратурасының басқарма бастығы Т. Қожонов, бөлім бастығы Г. Шин, Бішкек қаласы прокурорының орынбасары У. Асакеев бар делегацияны Алматы қаласының прокуроры И. Естаев және оңтүстік астана прокуратурасы органдарының қызметкерлері қабылдады.

Қырғызстандық әріптестердің жұмыс тобына Қазақстан Республикасының, оның ішінде Алматы қаласы прокуратурасы органдарының жұмысымен жан-жақты танысуға жағдай жасалды.

Кездесу соңында дөңгелек үстел басында екі ел прокурорлары өзара пікір алмасты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны