27.11.2012, 14:43 3297

Қазақстан мен Қырғызстанның СІМ басшылары екі елдің ынтымақтастығын талқылады

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, су-энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты өзара қатынастың ағымдағы күйі мен перспективалық бағыттары, халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, Орталық Азиядағы ағымдағы жағдай бойынша пікір алмасты.

Бішкек. 27-қараша. Kazakhstan Today - Дүйсенбі, 26-қараша күні Бішкекте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов "Еуропалық Одақ - Орталық Азия" атты министрлік отырыс аясында қырғызстандық әріптесі Эрлан Абдылдаевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, су-энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты өзара қатынастың ағымдағы күйі мен перспективалық бағыттары, халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, Орталық Азиядағы ағымдағы жағдай бойынша пікір алмасты.

Атап айтқанда, екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылдың тамызында Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген біріккен келісімдерді жүзеге асыру барысын талқылады.

Кездесу қорытындылары бойынша екі елдің дипломатиялық ведомстволары арасында анағұрлым тығыз өзара қатынас құру бойынша келісімге қол жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны