30.09.2009, 18:33 6064

Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың барлық сала бойынша өзара іс-қимылдың зор әлеуеті бар - Тоқаев

Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың барлық сала бойынша өзара іс-қимылдың зор әлеуеті бар - Тоқаев

Астана. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың барлық сала бойынша өзара іс-қимылдың зор әлеуеті бар. Бұл туралы кеше Қытай Халық Республикасының құрылғанына 60 жыл толуына орай ресми қабылдауда парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдедің, деп хабарлайды Kazakhstan Today сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат төрағасы атаулы күнмен ҚХР елшілігінің ұжымы мен барша қытай халқын құттықтап, тату Қытай елі тарихи тұрғыда осындай қысқа мерзімде беделді және ықпалды мемлекетке айналғанын атап өтті.

"Бүгінде Қытай мемлекеті ғаламшардағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды тірегінің біріне айналғанын сеніммен айта аламыз",-деді Қ.Тоқаев.

Ол сондай-ақ, қазақ пен қытай халықтары арасындағы қарым-қатынастар тарихы ғасырлар қойнауынан басталады, бүгінгі таңда елдеріміз өзара теңдік пен құрметке негізделген ықпалдастықтың жаңа үлгісін қалыптастырды, деп атап өтті.

"Қазақ-қытай қарым-қатынастарының болашағы жарқын және біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың барлық сала бойынша өзара іс-қимылдың зор әлеуеті бар. Бұл біздің стратегиялық ұлттық мүдделерімізге, халықтарымыздың ізгі ниетіне толық сай келеді",-деді Қ.Тоқаев сөзінің соңында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны