28.12.2010, 17:44 4815

Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар стратегиялық сипатқа ие - Назарбаев

Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар стратегиялық сипатқа ие. Бұл туралы бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ян Цзечибен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 28 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар стратегиялық сипатқа ие. Бұл туралы бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ян Цзечибен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер талқыланды.

"Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар стратегиялық сипатқа ие. Біз мемлекеттер арасындағы достықты, сенім мен тату көршілестікті жоғары бағалаймыз. Қытай экономикалық дағдарыс кезінде Қазақстанға едәуір қолдау көрсетті. Біз энергетикалық, көлік тәрізді көптеген салалар бойынша ынтымақтастықтамыз. Қазір біз шикізат емес сектордағы, әсіресе Қазақстанның индустриалдық-инновациялық бағдарламасын іске асыру аясындағы өзара іс-қимылымызды күшейтпекпіз", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

"... Сондай-ақ біз 2011 жылы Астанада ШЫҰ-ның мерейтойлық саммитін жоғары деңгейде өткізуді қамтамасыз ету қажеттігін талқыладық. Мен Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан оның басшылығымен, әсіресе әлеуметтік-экономикалық даму, аймақтық және жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстармен құттықтадым. Сондай-ақ алдағы жаңа жылда - Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20 жылдығында толағай табыстар мен гүлдену тіледім", - деді Я.Цзечи.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны