17.11.2006, 14:29 2963

Қазақстан мен Қытай бірқатар мекемеаралық құжаттарға қол қойды

АСТАНА. 17-қараша. Kazakhstan Today. Бүгін Пекинде Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетінің үшінші отырысының қорытындысы бойынша бірқатар мекемеаралық құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі республика үкіметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, ҚР ауылшаруашылығы министрлігі мен ҚХР мемлекеттік сапаны бақылау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасы арасында "Қазақстаннан Қытайға бидай партиясын экспорттау бойынша фитосанитарлық талаптар туралы" хаттамаға қол қойылды. Сонымен бірге тараптар "Өзара сатылатын тауарлардың қауіпсіздігі мен оны бақылау саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы" меморандумға, Қазақстанның инвестицияларға қолдау көрсету жөніндегі "Қазинвест" орталығы мен халықаралық инвестицияларға қолдау көрсету орталығы арасындағы меморандумға қол қойылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, өзара ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитеті республика президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға мемлекеттік сапары барысында 2004-жылдың мамыр айындағы үкіметаралық келісім негізінде құрылған. Осындай комитет құру туралы идея Қазақстан мен Қытай арасындағы 2003-2008-жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында туындады. Қазақстан жағынан комитетті вице-премьер Кәрім Мәсімов, ал Қытай жағынан ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері У И басқарады.

Комитет құруда түрлі салаларда екі жақты ынтымақтастықты үйлестіру, оның ішінде стратегиялық маңызы бар ауқымды жобалар мен ұзақ мерзімді бағдарламалар жасау мақсаты көзделген.

Екі жақты қарым-қатынастың түрлі бағыттары бойынша 10 ішкі комитет пен аталмыш комитетке бағынышты трансшекаралық өзендер жөніндегі комиссия құрылды. Атап айтсақ, транспорттық ынтымақтастық жөніндегі; кедендік өткізу бекеттері арасындағы және кеден ісі бойынша ынтымақтастық жөніндегі; сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ; ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі; қаржылық ынтымақтастық жөніндегі; энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі; геология және жер қойнауын қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі; қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі; темір жол транспорты саласындағы ынтымақтастық жөніндегі комитет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны