23.02.2011, 11:25 4325

Қазақстан мен Қытай бірқатар үкімет аралық келісімдерге қол қойды

Пекинде Қазақстан мен Қытай бірқатар үкімет аралық келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 23 - ақпан. Kazakhstan Today - Пекинде Қазақстан мен Қытай бірқатар үкімет аралық келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаомен кездескен.

Ресми рәсім ҚХР халық жиналысы үйінде өтті. Рәсім аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао кең құрамда екі жақты кездесу өткізді. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен нығайту мәселелерін талқылады.

"Құрметті Президент, Қытай халқы мен Үкіметі атынан біздің елімізге келген Сізге ыстық ықыласымызды білдіруге рұқсат етіңіз. Сіз - жаңа жыл мейрамынан кейін Қытайға ресми сапармен келіп отырған алғашқы шетелдік лидерсіз. Сіздің бұл жолғы сапарыңыз қытайлық-қазақстандық қарым-қатынастардың дамуына жаңа қуат беретініне және біздің стратегиялық әріптестігімізді одан да жоғарғы деңгейге жеткізетініне нық сенемін. Сіз - біз үшін ең құрметті қонақсыз. Бүгін менің сізбен екі жақты байланыстарды дамыту мәселелері бойынша, сонымен қатар халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасу көңіліме жағып отыр", - деді ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао.

"Құрметті Төраға, мен біздің делегацияға көрсеткен қонақжайлығыңыз, достық сезіміңіз бен жылы шырайлы қабылдауларыңыз үшін Сізге шын жүректен рахметімді айтамын. Бұл біздің байланыстарымыздың дәстүріне айналды және біз оны жоғары бағалаймыз. Біз Сізбен екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойдық. Біздің арамыздағы және біздің халықтарымыз арасындағы сенім мен достық жыл өткен сайын даму үстінде. Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы бір көзқарасты ұстанады, ол халықаралық саясатқа да қатысты. Біз сондай-ақ біртұтас Қытай саясатын берік ұстанамыз. Ол біздің стратегиялық ұстанымымыз", - атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесудің аясында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендердің суларының сапасын қорғау туралы Келісімге, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сотталған азаматтарды беру туралы Шартқа, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен Қытай Халық Республикасы теміржол министрлігі арасындағы Астана-Алматы жоғары жылдамдықтағы теміржол құрылысы саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға, "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ мен "Қытайдың Мемлекеттік даму банкі" АҚ арасындағы 1660 млн. АҚШ долларына Кредиттік келісімге, Қазақстанның даму банкі мен Қытайдың Экпорттық-импорттық банкі арасындағы жағармай-энергетикалық саладағы ынтымақтастық үшін 5 млрд. АҚШ долларына №MFA 0901 бас кредиттік келісімі шеңберінде "Ықпалды газхимиялық кешені мен инфрақұрылым - бірінші фазасының құрылысы" КРІ жобасы үшін жеке Кредиттік келісімге, "Урихтау" жобасы бойынша ынтымақтастық қағидалары туралы "ҚазМұнайГаз" АҚ мен Қытайдың Мұнайгаз Корпорациясы арасындағы келісімге, "Қазфосфат" ЖШС мен Қытайдың "SinoChem Group" химия корпорациясы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге, "Қазатомпром" ҰАК" АҚ мен Қытайдың Гуандун ядролық-энергетикалық корпорациясы арасында Индустриалдық инновациялық форумға қатысуға қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.И.Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары барлық қатынастарда да, ең бастысы, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендердің су сапасын қорғау, сондай-ақ индустриалдық және инновациялық даму саласындағы серпінді экономикалық ынтымақтастық туралы келісімдері аса табысты болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны