14.06.2010, 11:26 4079

Қазақстан мен Қытай экономиканың шикізат емес саласындағы ынтымақтастыққа ден қоймақ

"Сіз бүгін экономиканың шикізат емес саласындағы іс-шаралар жоспары мен оны жүзеге асырудың практикалық жолдарын көрдіңіз. Біз осы негізде интустриалды-инновациялық технология деңгейінде ынтымақтастықтың жаңа деңгейін құрмақпыз",- деп мәлім етті Н. Назарбаев кездесу барысында.

Астана. 14-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Қытай экономиканың шикізат емес саласындағы ынтымақтастыққа ден қоймақ. Бұл туралы сенбі күні Ақорда ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаомен өткен кездесу барысында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Сіз бүгін экономиканың шикізат емес саласындағы іс-шаралар жоспары мен оны жүзеге асырудың практикалық жолдарын көрдіңіз. Біз осы негізде интустриалды-инновациялық технология деңгейінде ынтымақтастықтың жаңа деңгейін құрмақпыз",- деп мәлім етті Н. Назарбаев кездесу барысында.

Ол сондай-ақ, Қазақстанның "екі ел арасындағы көліктік-транзиттік ынтымақтастыққа да үлкен мән беретіндігін" атап өтті.

"Сіз Батыс Қытай - Батыс Еуропа тасжолының, Хоргос-Жетіген теміржолының салынып жатқандығын білесіз, бұл біздің ынтымақтастығымыздағы өте маңызды нысандар",- деп еске сала кетті елбасы.

Сонымен қатар елбас, ҚХР басшысының сапары барысында бүгін Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырының екінші учаскесін салу туралы және Орта Азия -Қытай газ құбырын одан әрі кеңейту туралы келісімдерге қол қойылатындығын хабарлады.

Президент сондай-ақ, Қазақстан мен Қытай тауар айналымын дағдарысқа дейінгі 17 млрд АҚШ доллар деңгейіне жеткізбек ниеттерін атап көрсетті. Ол, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында екі ел арасындағы сауда көлемі 56 пайызға өскендігін хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны