14.06.2010, 11:25 4112

Қазақстан мен Қытай қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтпек

"Біз Н. Назарбаевпен келіссөз жүргізу кезінде аймақтық және халықаралық жағдайдағы өзгерістерді талдай отырып, келесідей келісмдерге қол жеткіздік",- деп хабарлады Ху Цзиньтао.

Астана. 14-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Қытай қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтпек. Бұл туралы сенбі күні Ақордада өткен баспасөз мәслихатында ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Біз Н. Назарбаевпен келіссөз жүргізу кезінде аймақтық және халықаралық жағдайдағы өзгерістерді талдай отырып, келесідей келісмдерге қол жеткіздік",- деп хабарлады Ху Цзиньтао.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Қытай "қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтіп, сонымен қатар өз еліміздегі, жалпы аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауға барынша күш салуға" келіскен.

Қазақстан мен ҚХР "қытай-қазақ қатынастарын жан-жақты дамыту үшін саяси берік негіз орнату мақсатында өзара саяси сенімділікті нығайтып, өзара байланысты одан әрі жоғары деңгейде белсендіре түспек".

"Біз бірлесе жұмылып отырып, қытай мен қазақ қатынасын жоғарғы деңгейдегі жаңа шепке шығарамыз",- деп атап көрсетті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны