21.02.2011, 17:44 4344

Қазақстан мен Қытай өңірлердегі тұрақтылықты нығайтуға үлкен үлес қосуда

Қазақстан мен Қытай өңірлердегі тұрақтылықты нығайтуға үлкен үлес қосуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда тіркелген қытайлық БАҚ береген бірегей жазбаша сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. - ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Қытай өңірлердегі тұрақтылықты нығайтуға үлкен үлес қосуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда тіркелген қытайлық БАҚ береген бірегей жазбаша сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Н. Назарбаевтің пайымдауынша, Қытай халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға айтарлықтай үлес қосуда. Ал экономикалық жетістіктері бүкіл әлемдік шаруашылықтың дамуына түрткі болып отыр. Қытай тарапының қабылдап отырған шешімді шаралары дағдарыстан кейін әлеуетті экономиканы қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді. "Қазақстан айтарлықтай қолдау көрді, және де біз осы үшін қытайлық серіктестерімізге алғысымыз шексіз",- деген Н. Назарбаевтің сөзін "Синьхуа" АА жария етті.

Ол, Қазақстан мен Қытай - жақын көрші, екі ел экономикалық және саяси салаларда тығыз ынтымақтастық орнатқандығын атап өтті. Президенттің айтуынша, Қазақстан мен Қытай әлемдік дағдарысты табысты жеңе білді. Екі елдің экономикасы тұрақты даму үстінде және де енді олар "өзара ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығару қажет",- деді елбасы.

Президент Қазақстанның Қытаймен жоғары технология, теміржол және тасжолдар салу сияқты салаларда ынтымақтастқ жасауға мүдделі екендігін атап көрсетті.

"Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара түсіністік деңгейі үнемі өсе түсуде. Бұл біздің аймақтағы экономикалық және саяси ахуалға оң ықпалын тигізеді",- деді ҚР президенті.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің Қытай Халық Республикасына үш күндік мемлекеттік сапары басталған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны