22.01.2013, 14:47 5776

Қазақстан мен Қытай трансшекаралық өзендерде су бөлетін құрылыстар салуға келісті

Бүгін Астанада Трансшекаралық өзендер жөніндегі қазақстан-қытай бірлескен комиссиясының 10-шы отырысы өз жұмысын аяқтады, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.

Астана. 22-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Қытай трансшекаралық өзендерде су бөлетін құрылыстар салуға келісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Астанада Трансшекаралық өзендер жөніндегі қазақстан-қытай бірлескен комиссиясының 10-шы отырысы өз жұмысын аяқтады, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.

"Комиссия жұмысының қорытындысын Қазақстан үшін нәтижелі деп бағалауға болады. Бірнеше орташа және ұсақ трансшекаралық және шекара өзендерінде су бөлуші құрылғылар салу туралы шешім қабылданды", -делінген ведомство хабарламасында.

Оған қоса, тараптар екі елдің су ресурстарын бағалау жөніндегі ғылыми жұмыстарды 2014 жылы аяқтауға келісті, аталған жұмыстар 2015 жылы әзірленетін Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы су бөлісу жөніндегі келісімге негіз болады.

Отырыста сондай-ақ тау биіктеріндегі мұздықты өзендерден жүретін көшкіндердің алдын алу мақсатында Қорғас өзенінде бірлескен нысанның құрылысы жоспарланды.

Тараптар, Қазақстан мен Қытай арасындағы су мәселелерінде ілгерілеушіліктің бар екенін баса атап көрсетіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны