31.03.2009, 14:53 5998

Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасының тереңдеуі өңірдегі даму мен тұрақтылықты сақтауда айрықша маңызға ие - Қытай СІМ

Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасының тереңдеуі өңірдегі даму мен тұрақтылықты сақтауда айрықша маңызға ие - Қытай СІМ

Алматы. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасының тереңдеуі өңірдегі даму мен тұрақтылықты сақтауда айрықша маңызға ие. Бұл туралы ҚХР төрағасының орынбасары Си Цзиньпин Пекинде халық жиналыстары үйінде Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тәжинмен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Синьхуа" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Си Цзиньпин Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстың қарқынды әрі сындарлы дамып келе жатқанын атап өтті. Тараптар жоғары деңгейлі өзара сенімге ие, өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық, белсенді мәдени алмасулар мен халықаралық істердегі етене жақын ықпалдастық дамып келеді.

Си Цзиньпиннің атап көрсеткеніндей, Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық әріптестік қарым-қатынасының тереңдеуі екі ел арасындағы ғана емес, сонымен бірге, өңірдегі даму мен тұрақтылықты сақтауда айрықша маңызға ие.

М. Тәжин өз кезегінде Қазақстан үкіметінің қытаймен арадағы қарым-қатынасты дамытуды елдің сыртқы саясатының басымдық берілген бір бағыты ретінде қарастыратынын және алдағы уақытта да түрлі салаларда Қытаймен арадағы іскерлік ынтымақтастықты дамыта түспек ниетте деп атап көрсетті, деп хабарлайды "Синьхуа".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны