24.12.2010, 16:08 4430

Қазақстан мен Корей президенттері Балқаш ЖЭС құрылысы жобасының іске асырылуына қатысты мәселелерді талқылады

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бакпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 24 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бакпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, әңгімелесу барысында Қазақстан-Корея қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, мемлекет басшылары Балқаш ЖЭС құрылысы жобасын іске асыру туралы пікір алмасты.

Сондай-ақ, президент Ли Мён Бак Нұрсұлтан Назарбаевты Астанада ЕҚЫҰ саммитінің табысты өтуімен құттықтады және форумның өткізілуіне жоғары баға берді. Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентін 2011 жылы Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Естеріңізге сала кетсек, Балқаш ЖЭС құрылысы 2010 жылдың маусым айында басталған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны