25.10.2012, 13:55 3369

Қазақстан мен Корея технологиялық әріптестік жөніндегі екіжақтық қарым-қатынасты дамытуда

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігінің хабарлауынша, "Инновациялық технологиялар паркі" АЭА-да Корей-Қазақстандық технологиялық әріптестік орталығы, "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ (Қазақстан), Корея Республикасының экономика және білім министрілігінің қолдауымен Иннополис Қоры (Корея), Қазақстан Республикасындағы Кореяның Елшілігі және "Alatau IT City Management" ШЖС ұйымдастырған Қазақстан-Корея технологиялық жөніндегі семинары өткізілді.

Астана. 25-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Корея технологиялық әріптестік жөніндегі екіжақтық қарым-қатынасты дамытуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігінің хабарлауынша, "Инновациялық технологиялар паркі" АЭА-да Корей-Қазақстандық технологиялық әріптестік орталығы, "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ (Қазақстан), Корея Республикасының экономика және білім министрілігінің қолдауымен Иннополис Қоры (Корея), Қазақстан Республикасындағы Кореяның Елшілігі және "Alatau IT City Management" ШЖС ұйымдастырған Қазақстан-Корея технологиялық жөніндегі семинары өткізілді.

IP телефония, күн термалды энергия, жарықдиод жарықтандыру, геотехникалық бақылау, "жасыл" технологиялар салалардағы өз зерттемелерін және технологияларын таныстырған, сондай-ақ технологиялардың коммерциализация жөніндегі тәжірибесін бөліскен семинарға бес кореялық компаниялар, Корей энергетикалық зерттеу институты, Ханбат университеті қатысты. Иннополис Қорының Президенті Ли Джа Гу айтқандай: "Осындай семинар Қазақстанда бірінші рет өткізілетін болып жатыр, оған қатысу үшін кореялық компаниялар қазақстандық кәсіпкерлерді кореялық технологиялармен таныстыру және серіктестерді іздеу мақсаттарымен Алматыға келді".

Қазақстандық жағынан 30-дан астам компания мен ұжым қатысты. Семинар шеңберінде қазақстандық және кореялық компаниялардың арасында екі жақты іс кездесулер өткізілді, бірлескен жобалар белгілеп қойған.

"Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ-ның ("ТДҰА" АҚ) Басқарма Төрағасының Орынбасары Нұрдәулет Тұрлыбеков "ТДҰА" АҚ құрған халықаралық технологиялар трансферті орталықтарының ішінде Корей-Қазақстандық технологиялық әріптестік орталығының табысты үлгі болатыны атап айтты.

Корея -Қазақстандық технологиялық әріптестік орталығының құрастыру туралы 2012 жылғы 25 тамызында "Ұлттық инновациялық қоры" АҚ мен Иннополис қоры арасындағы Қазақстан және Кореяның Президенттер қолдауларымен мәмілеге қол қойылғаны ескертіп қояйық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны