13.05.2009, 16:08 1786

Қазақстан мен Кореяның ірі компаниялары бірқатар меморандумдарға қол қойды

Қазақстан мен Кореяның ірі компаниялары бірқатар меморандумдарға қол қойды

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Кореяның ірі компаниялары "Жаңа өсу көкжиектері" атты Қазақстан-Корея бизнес-форумы барысында бірқатар меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Атап айтсақ, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры мен Кореяның Hyundai Corporation компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры мен Кореяның құрылыс саласындағы ынтымақтастық жөніндегі халықаралық мердігерлер қауымдастығы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға, "Қазақмыс" корпорациясы мен Samsung корпорациясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен Кореяның Hyundai корпорациясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға, Кореяның Korail темір жол корпорациясы мен "Қазақстан Темір Жолы" АҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға, "Сарыарқа" ИКК" ҰК мен Korea Recourses Corporation корпорациясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Бұған қоса, "Қазақтелеком" АҚ мен Кореяның Electronics and Telecommunications Research Institute (ETRI) ҒЗИ арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін Ақордада жүргізілген жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Корея Президенті Ли Мен Бак екі мемлекеттің стратегиялық серіктестікті дамытуға дайындығын айғақтайтын бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Сонымен қатар, келіссөздердің нәтижесінде екі ел арасында бірқатар құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі іс-қимыл жоспарына, сондай-ақ "Балқаш" Жылу электр станциясы" жобасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бірінші құжатқа Қазақстанның Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник пен Кореяның Сыртқы істер және сауда министрі Ю Мен-Хван, ал екінші құжатқа "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов, "Қазақмыс" ЖШС корпорациясының басқарма төрағасы Владимир Ким, "Керсо" компаниясының президенті Ким Санк-су, "Самсунг си энд ти корпорейшн" компаниясының президенті Чи Сунг-ха қолдарын қойды.

Баспасөз мәслихатында Қазақстан президенті Н. Назарбаев тараптар қабылданған бірлескен мәлімдемеге және ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі іс-қимыл жоспарына айрықша маңыз беретінін атап көрсетті. "Нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру біздің қарым-қатынасымызды мүлдем жаңа деңгейге көтереді", деп атап көрсетті Н. Назарбаев. "Самұрық-Энерго" мен "Кепко-Самсунг" корпорациясы арасындағы "Балқаш" жылу электр станциясының құрылысы туралы келісімді айрықша атап өткім келеді. Бұның инвестициясының көлемі 4,5 млрд. долларды құрайды", деді Елбасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны