15.03.2010, 16:33 3214

Қазақстан мен Кореяның сыртқы саясат ведомстволары арасындағы консультациялардың 8-ші кезеңі өтеді

Қазақстан мен Кореяның сыртқы саясат ведомстволары арасындағы консультациялардың 8-ші кезеңі өтеді

Астана. 15 наурыз. Kazakhstan Today - Астанада 16 наурызда министрлер орынбасарларының деңгейінде Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы сыртқы саясат ведомстволары арасындағы консультациялардың 8-ші кезеңі өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақстан жағынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев, Оңтүстік Корея жағын сыртқы істер және сауда министрінің орынбасары Ли Ён Джун қатысады.

Келіссөздер барысында тараптар екі жақты қатынастардың қазіргі ахуалын, саяси үнқатысуды ілгерілету, Оңтүстік Кореяда Қазақстан жылын өткізу және халықаралық аренадағы өзара ықпалдастық мәселелері кеңінен талқылайды деп күтілуде.

Сонымен қатар, дәл сол күні Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан - Оңтүстік Корея үкіметаралық комиссияның бесінші отырысы өтеді. Басқосу барысында екіжақты қарым-қатынастардың бай әлеуетін толыққанды пайдаланудың нақты тетіктерін іздестіру мәселелері талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны