17.11.2006, 15:20 2847

Қазақстан мен Латвия ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойды

АСТАНА. 17-қараша. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Латвия бүгін ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Үкіметаралық келісімге Латвияның электрондық басқару істері жөніндегі төтенше тапсырмалар министрі Инна Гуделле мен ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушы Қуанышбек Есекеев қол қойды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы құжатқа қол қою Латвия өкілдері сапарының басты мақсаты болған.

Тараптар ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтан, , ІТ-технологиялар мен ақпараттық жүйелерді дамыту жолымен өзара қызығушылық тудыратын салаларда идеялар, ақпарат, тәжірибе мен машық алмасудан, электронды басқаруды жүзеге асыру аясында бірлесіп жобалар жасаудан мүдделі.

Сонымен бірге Қазақстан мен Латвия өнімдер мен қызметтердің ақпараттық-технологиялық жүйелерін стандарттауда бір-біріне қолдау көрсетуге міндеттеме жүктеп алды. Сонымен бірге мемлекеттер екі елдің мамандарына бір-бірінен үйренген тәжірибені пайдалану мақсатында бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға келісті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны