14.11.2006, 15:46 2815

Қазақстан мен Латвия ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытудан мүдделі

АСТАНА. 14-қараша. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Латвия ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытудан мүдделі. Бұл туралы Латвияның электрондық басқару істері жөннідегі төтенше тапсырмалар министрі Инна Гуделле ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушы Қуанышбек Есекеевпен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Біз үшін республиканың осы салада жинақтаған тәжірибесі қызғылықты. Екі ел де ақпараттық технологияларды пайдалану саласында бір бағытта ілгерілеп келе жатқанын біз байқап отырмыз. Осыған байланысты екі елдің бірлесе дамуынан үлкен мүмкіндіктерді аңдап отырмын",- деді Астанаға Елбасының шақыруымен келген осы елдің өкілдерін басқаратын И.Гуделле.

"Біз бірлесе пайда таба алатын жобаларды талқылауға дайынбыз", деп атап өткен министр өзінің "бағдарламалық қамтамасыздықты жергілікті тілге аудару"

саласында үлкен ынтымақтастық перспективаларын көріп отырғанын жеткізді.

Ал Қ.Есекеевтің хабарлауынша, бүгінгі кездесуде тараптар ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қоюға келісті. Бұл құжат электрондық басқаруды жүзеге асыру аясында бірлесіп жобалар дайындауға мүмкіндік беріп, екі елдің ақпараттық технологиялар саласына инвестиция жұмсауына түрткі болып, осындай технологиялардың жобасын жасау мен оны өткізу саласында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Латвия өкілдерінің сапары екі күнге созылады. Латвиялық министр еліміздің білім және ғылым министрлігі, "Қазына" АҚ, көлік және коммуникациялар министрлігі, жер ресурстарын басқару агенттігі, мәдениет және ақпарат министрлігі мен индустрия және сауда министрлігінің өкілдерімен кездеседі. Өкілдер сонымен бірге "Қазақстан-Латвия: бизнеске жаңаша мүмкіндіктер" атты бизнес-форумға қатысады деп күтілуде. Ол 17-қарашада Алматыда өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны