13.05.2008, 19:44 2965

Қазақстан мен Литва ЕҚЫҰ-на төрағалық аясында Орта Азия, Каспий және Қара теңіз проблемаларына назар аударуға ниеттеніп отыр

Қазақстан мен Литва ЕҚЫҰ-на төрағалық аясында Орта Азия, Каспий және Қара теңіз проблемаларына назар аударуға ниеттеніп отыр

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Литва ЕҚЫҰ-на төрағалық аясында Орта Азия, Каспий және Қара теңіз проблемаларына назар аударуға ниеттеніп отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуден кейін брифингте Литваның премьер-министрі Гедиминас Киркилас мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз ЕҚЫҰ үштігінде боламыз. Қазақстан 2010 жылы, ал Литва 2011 жылы төрағалық етеді. Біздің ойымызша, мұнда бұл ұйым үшін аса маңызды күн тәртібі болады. Біз нақты айтар болсақ, Орта Азия, Каспий және Қара теңіз проблемаларына назарымызды тіктейтін шығармыз", - деп атап көрсетті Литва премьері.

Г. Киркилас Литва мен Қазақстан достас елдер екенін жеткізді. "Біздің арамызда саяси деңгейде ешқандай дау жоқ. Тіпті, керісінше десек болады. Біз БҰҰ-дан бастап өңірлік инсититуттарға дейінгі әртүрлі халықаралық ұйымдарда тығыз ынтымақтастық жасаудамыз", - деді ол.

Литваның үкімет басшысы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету қажеттігін атап көрсетті. "Біз соңғы жылдары өсіп отырғанына қарамастан, 300-400 млн АҚШ долларын құрайтын сауда көлемі әлі де өсе түсуі керек екендігін айттық. Біз өзара тауар айналымын арттыруда және жалпы алғанда, әртүрлі салалардағы өзара сауданың дамуында үлкен болашақ көріп отырмыз", - деді ол.

Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылы Қазақстан мен Литва арасындағы сауда айналымы 118 млн АҚШ долларын құраған. 2006 жылы бұл көрсеткіш 73 млн долларға тең болыпты. Қазақстанда Литва капиталының қатысуымен 22 кәсіпорын қызмет етуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны