08.06.2009, 17:06 3422

Қазақстан мен Литваның дипломаттарынан виза талап етілмейтін болды - СІМ

Қазақстан мен Литваның дипломаттарынан виза талап етілмейтін болды - СІМ

Астана. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Литваның дипломаттары виза талап етуден босатылды. Бұл туралы бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тәжин Литва сыртқы істер министрі Вигаудас Ушацкаспен кездесу қорытындысы бойынша өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Біз Қазақстан мен Еуропалық Одақтың ықпалдастығына қатысты мәселелерді талқыладық. Еуропалық Одақтың белсенді мүшесі ретінде Литва бізге тек екіжақты ғана емес, көпжақты қатынастардағы серіктес ретінде маңызды. Осыған байланысты біз бүгін қол қойылған дипломатиялық паспорттардың иелерінен виза талап етпеу жөніндегі үкіметаралық келісімді оң бағалаймыз", - деді М. Тәжин.

"Біз осындай келісімге ЕО мүше бірқатар елдермен дипломатиялық және қызметтік паспорттар бойынша қол қойдық. Бұл біртіндеп барлық санаттағы азаматтар, соның ішінде туристер, студенттер мен кәсіпкерлер үшін де визасыз қатынау режимін қолдана бастауға көшуге жасалған бірінші қадам", - деді ҚР СІМ басшысы.

М. Тәжиннің айтуынша, "бұл мәселені шешу ұзаққа созылатын процесс, ол бірінші кезекте заңнамалық тұрғыдан Қазақстан жағынан айтарлықтай күш-жігерді талап ететін шаруа".

"Біз Еуропалық Одаққа мүше барлық елдермен визалық қатынастарды жеңілдетуге белсенді жұмыс істеп жатырмыз", - деді Қазақстанның сыртқы істер министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны