05.09.2007, 16:06 3134

Қазақстан мен Литваның сыртқы істер министрлері екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстанның сыртқы істер министрі - Марат Тәжин мен Литваның сыртқы істер министрі Петрас Вайтекунас сәрсенбіде Астанада екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 5 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстанның сыртқы істер министрі - Марат Тәжин мен Литваның сыртқы істер министрі Петрас Вайтекунас сәрсенбіде Астанада екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Біз Қазақстанның министрімен экономикалық ынтымақтастық туралы, экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялардың жоспарланып отырған кездесулері туралы, сондай-ақ Литва мен Қазақстан арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы әңгіме қозғадық",- деді Петрас Вайтекунас кездесу аяқталғаннан кейін журналистерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар, Литваның сыртқы саясат мекемесі басшысының айтуынша, Қазақстан жүктерін Литва айлақтары арқылы транзитті тасымалдау мәселесі де талқыланған.

Ол, сондай-ақ "Орта Азия елдерімен, Балтика аймағындағы сегіз елмен және Солтүстік Еуропа мемлекеттерімен көп жақты ынтымақтастық форматының да" талқыланғандығын хабарлады.

Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан мен Литва арасындағы 2007 жылдың қаңтар мен маусым аралығындағы тауар айналымы 57,2 млн АҚШ долларын құраған, оның ішінде 26,7 млн АҚШ доллары - экспорт, 30,5 млн АҚШ доллары - импорт. 2006 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 72,9 млн АҚШ долларын құраған, оның ішінде экспорт - 28,8 млн АҚШ доллары, ал импорт - 44,1 млн АҚШ доллары. Литва жағының мәліметтеріне сүйенсек, өзара тауар айналымы 2006 жылы 270 млн АҚШ долларын құраған.

Қазақстанның Литваға шығаратын экспортының негізгі таптары минералдық отын, мұнай, минерал воск, қара металл болып табылады. Қазақстан өз кезегінде Литвадан көліктер, фармацевтикалық өнімдер, электрмашиналарын, теле және радиоаппараттарын, мал өнімдерін және әртүрлі өнеркәсіптік тауарлар импорттайды.

Қазақстанда литвалық капиталдың қатысуымен 22 бірлескен кәсіпорын қызмет етеді, олардың 13 қазақстан-литвалық бірлескен кәсіпорын, ал 9-ы литвалық кәсіпорын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны