19.04.2012, 12:24 3561

Қазақстан мен Малайзия бірлескен халал-өнімдер өндіретін болады

"Біз Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына малайзиялық бизнестің қатысуына, етті және сүтті халал-өнімдердің толық циклін өндіретін бірлескен кәсіпорындар құруға қызығушылық танытып отырмыз", - деді Н.Назарбаев.

Астана. 19-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Малайзия халал-өнімдер өндіретін бірлескен кәсіпорын ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Разакпен кездескен кезінде мәлім етті.

"Біз Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына малайзиялық бизнестің қатысуына, етті және сүтті халал-өнімдердің толық циклін өндіретін бірлескен кәсіпорындар құруға қызығушылық танытып отырмыз", - деді Н.Назарбаев.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан ғылымды қажет ететін өндіріске, ислам банкингі мен халал-индустрияны дамытуға малайзиялық инвестицияны тартуды жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны