04.05.2012, 10:54 2910

Қазақстан мен Мажарстан Үкіметтері арасында бірқатар құжатқа қол қойылды

Екіжақты кездесудің қорытындысы бойынша Үкімет басшылары бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Астана. 4-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов елімізге ресми сапармен келген Венгрия Республикасының Премьер-Министрі Виктор Орбанмен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Екіжақты кездесудің қорытындысы бойынша Үкімет басшылары бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Сондай-ақ, ҚР Қаржы министрлігі мен Мажарстан Ұлттық экономика министрлігі арасындағы салық мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы келісім, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Мажарстан Ұлттық ресурстар министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралар жоспары аясында ынтымақтастық туралы ниет хаттамасы, ҚР Сауда өнеркәсіп палатасы мен Мажарстан сауда өнеркәсіп палатасы арасындағы бірлескен іскерлік кеңесін құру туралы келісім, Алматы облысы мен Яс-Надькун-Сольнок облысы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім, "KAZNEX INVEST" Ұлттық экспорт және инвестициялар жөніндегі агенттігі" АҚ мен венгерлік "HITA" инвестициялық және сауда агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен "Мажар темір жолдары" ЖАҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандум рәсімделді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны