25.06.2012, 18:10 2843

Қазақстан мен Норвегия үкіметтері халықаралық автотасымал туралы келісімге қол қойды - баспасөз баяны

Келісімде Қазақстан мен Норвегия арасындағы жүк тасымалын реттеу және екі ел арқылы үшінші бір елге транзиттік тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру мәселесі қарастырылған.

"Бүгін ҚР көлік және коммуникация министрлігінде министр Асқар Жұмағалиев пен ҚР Норвегия Корольдігінің төтенше және өкілетті елшісі Даг Малмер Халверсонның кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты - екі ел үкіметтері арасында халықаралық автомобиль тасымалы туралы келісімге қол қою", - делінген баспасөз хабарламасында.

Келісімде Қазақстан мен Норвегия арасындағы жүк тасымалын реттеу және екі ел арқылы үшінші бір елге транзиттік тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру мәселесі қарастырылған.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Норвегия арасындағы тасымал көлемі көп емес, ал жүк тасымалы украиналық, белоруссиялық және ресейлік көлік компаниялары арқылы жүзеге асырылып келді. Негізінен қара және түсті металл өнімдері, машина, құрал-жабдықтар мен механизмдер, мал шаруашылығы мен химия өнеркәсібінің өнімдері тасымалданды.

Осыған байланысты, тараптар қол қойылған Келісім қазақстандық-норвегиялық автотасымал нарығын игеруге, жалпы екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынасты дамытуға түрткі болады деген ниеттерін білдірді, делінген ККМ ақпаратында.

Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық тасымал туралы 40 елмен келісімге қол қойған. Аталған келісімдер жүк тасымалдаушы компаниялардың тасымал қызметін рттеуде құқықтық негіз болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны