30.11.2012, 14:11 6431

Қазақстан мен Өзбекстан 2013 жылы шекарааралық нысандар туралы келісімге қол қоймақ

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29-30 қараша күндері Ташкентте Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың Үкіметаралық комиссиясының 12-отырысы өтті.

Астана. 30-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Өзбекстан 2013 жылы шекарааралық нысандар туралы келісімге қол қоймақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29-30 қараша күндері Ташкентте Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың Үкіметаралық комиссиясының 12-отырысы өтті.

Қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев, өзбек жағын - бірінші вице-премьер - ӨР Қаржы министрі Рустам Азимов басқарды.

Сапардың бірінші күні делегация басшылары Қ. Көшербаев пен Р.Азимовтың кездесуі болып, онда кең көлемді мәселелер, атап айтқанда сауда-экномикалық және инвестициялық серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды.

Үкіметаралық комиссия жұмысы барысында делегациялар көлік, ауыл және су шаруашылығы, газ және электр энергетикасы салаларындағы ынтымақтастық, клесімшірттық-құқықтық базаны кеңейту және басқа да мәселелерді талқылады.

"Екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ҚР Президенті Н.Назарбаев үлкен мән беріп отыр. Комиссия жұмысының бағыт-бағдарын ӨР Президенті И.Каримовтың биылғы қыркүйек айында Қазақстанға жасаған сапары барысында екі мемлекеттің басшылары айқындап берген болатын", - деді Қ.Көшербаев отырыс барысында.

Өз кезегінде Р.Азимов "Өзбекстан әдетте Қазақстанмен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтамақтастықты кеңейту үрдісіне айырықша маңыз береді. Бүгінде біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынас ынтымақтастықтың жоғары деңгейімен, тұрақтылықпен, орнықтылықпен сиаптталады, және өзара сенімге, түсіністікке және өзара қолдауға негізделген" деп атап өтті.

Тараптар сондай-ақ су-энергетика саласының барлық мәселелерінің шешімі, оның ішінде трансшекаралық өзендердегі жаңа гидротехникалық құрылғыларды қоса алғанда, халықаралық құқықтың жалпыға ортақ нормаларына сай және өңірдегі барлық мемлекеттердің мүдделерін ескере отырып қабылдануы қажет деген пікірге тоқайласты.

"Біздің елдеріміз Орта Азия өңіріндегі су пайдаланудың әділетті жүйесін дамыту мәселесіне қатысты екі ел Президенттерінің бірлескен мәлімдемесімен бекітіліп, келісілген ортақ ұстанымды ұстайды", - деп атап өтті Қ.Көшербаев.

Талқылау қорытындысында Қ.Көшербаев пен Р.Азимов Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың Үкіметаралық комиссиясының 12-отырысының Хаттамасына қол қойды, онда тараптар ынтымақтастығының 30 астам мәселелері бойынша келісілген ұстанымдар көрсетілген. Комиссияның кезекті 13-отырысы келесі жылы Астанады өтеді.

Бұған қоса, 30 қараша күні, "Туркестон" Сарайында Қазақстан мен Өзбекстанның өнер шеберлері мен шығармашылық ұжымдарының екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 20-жылдығына арналған бірлескен мерекелік концерті өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны