17.03.2010, 18:39 3581

Қазақстан мен Өзбекстан арасында бірқатар құжаттарға қол қойылды

Қазақстан мен Өзбекстан арасында бірқатар құжаттарға қол қойылды

Алматы. 17 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Ташкентте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Ислам Каримов арасында өткен жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындысы бойынша бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, мемлекет басшылары Бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Сондай-ақ Қазақстан үкіметі мен Өзбекстан үкіметі арасында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы және Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерінің ғимараттарын салу үшін өзара жер учаскелерін бөлу туралы келісімге, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2010-2011 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі бағдарламаға, Қазақстанның Мәдениет министрлігі мен Өзбекстанның Мәдениет және спорт істері министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы 2010-2012 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі бағдарламаға қол қойылды.

Мемлекет басшылары қабылдаған бірлескен мәлімдемеде президенттер болып өткен жемісті келіссөздер, сондай-ақ сапар барысында қол қойылған екі жақты құжаттар тату көршіліктің және өзара пайдалы негізде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететіндігіне сенім білдірген.

Қазақстан мен Өзбекстанда кең ауқымды мәселелер бойынша өзара тиімді іс- қимыл жасау үшін барлық мүмкіндіктер бар, деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 23-қарашада орнады. Қазақ-өзбек қарым-қатынасының келісім-шарттық-құқықтық базасы іс жүзіндегі ынтымақтастықтың бүкіл салаларын қамтыған 114 құжаттан тұрады. Мәңгілік достық туралы келісім-шарт және Экономикалық ынтымақтастықты тереңдету туралы келісім-шарт басты құжаттар болып табылады.

Екі ел арасындағы тауар айналымы 2009 жылы $1 млрд 196,3 млн құрады (2008 жылғымен салыстырғанда 33,1% аз).

Президент әкімшілігінің ұжымы Алматы облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету қорына 3,5 млн теңге аудару туралы шешім қабылдады

Астана. 17 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің ұжымы 3,5 миллион теңге көлеміндегі қаражатты еңбекақы төлеу қорынан Алматы облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету қорына аудару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны