18.09.2006, 18:23 3040

Қазақстан мен Өзбекстан арасында мемлекеттік шекараны делимитациялау мен демаркациялауға қатысты қандайбір қайшылық жоқ - ҚР СІМ

АСТАНА. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today. "Қазақстан мен Өзбекстан арасында мемлекеттік шекараны делимитациялау мен демаркациялауға қатысты қандайбір қайшылық жоқ. Барлық мәселе екі жақтың мүддесін бірдей ескеру негізінде шешімін тапқан". Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасын демаркациялауға байланысты жаңсақ пікірлер жүр. Осыған байланысты қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасындағы делимитация жұмыстары аяқталғандығына, ал демаркациялау жұмыстары әлі жалғасып жатқандығына назар аударғымыз келеді", деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

Оның айтуынша, бұл шекараның жалпы ұзындығы 2300 шақырым. Соның бүгінге дейін басым бөлігі демаркацияланып, тек 300 шақырымдай бөлігіне ғана шекаралық белгілер қойылмаған.

"Бұл негізінен Возрождения аралы мен Арал теңізінің суы тартылып кеткен түбі", дейді Е. Ашықбаев.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан тарапынан шекараның бойына бүгінге дейін 786 шекаралық баған орнатылған. Бұл жоспарланған жұмыстың 96 пайызын құрайды.

"Аумақтық мәселелерге байланытсы барлық мәселелер реттелген",- деді СІМ өкілі.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы аумағы 2,8 гектар болатын, Өзбекстанға қарасты шекара учаскесіне қатысты түсініктеме берген Е.Ашықбаев : "бұл учаскеде Қазақстан азаматтары тұратыынн ескеру негізінде 2004-жылдың қазан айында Өзбекстан жағымен бұл учаскені Қазақстан жағына орнын толықтыру негізінде өткеріп беру жөнінде уағдаластық жасалған. Алдағы екі айдың ішінде шекаралық бағандар орнытылған соң бұл мәселеге нүкте қойлады",- деді СІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны