04.09.2006, 17:54 2982

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективасы ЕурАЗЭҚ-пен және Ресеймен тығыз байланысты - Кәрімов

АСТАНА. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today. "Өзбекстан екі жақты негізде Қазақстанмен байланыс орнатады. Ал осынау екі жақты қарым-қатынастар ЕурАзЭҚ-ты дамыту бағдарламасы мен перспективалары аясына қамтылады",- деп мәлімдеді Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов бүгін өткен баспасөз мәслихатында.

"Қазақстан мен Өзбекстанның келешегі Ресеймен тығыз сабақтас. Сол себепті ЕурАзЭҚ - дыл осыфндай дамуды қамтамасыз ете алатын ұйым. Біз Назарбаев екеуіміз бұған кәміл сенеміз",- деді Өзбекстан мемлекет басшысы.

"Біз Ресейге қатысты үлкен жоспарлар құрып отырмыз. Ресей - біз үшін ЕурАзЭҚ аясында шоғырлана отырып, Ресейдің мүмкіндіктеріне сүйену негізінде ортақ мүддені қамтамасыз ете алатын якорь, ортақ тартылыс күші",- деп мәлімдеді ол.

"Біз өзара мүмкіндіктерімізді біріктірген жағдайда ғана күшті боламыз",- деді И.Кәрімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны