04.09.2006, 15:23 3136

Қазақстан мен Өзбекстан қараша айында мемлекетаралық кеңестің бірінші отырысын өткізеді

АСТАНА. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Өзбекстан қараша айында мемлекетаралық кеңестің бірінші отырысын өткізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Екі ел президентінің бастамасымен құрылған мемлекетаралық үйлестіру кеңесінің бірінші отырысы осы жылдың аяғында өтеді, оны екі елдің үкімет басшылары басқарады",- деп мәлімдеді бүгін Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовпен келіссөздердің қорытындысы бойынша Астанада өткен баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде И.Кәрімов: "мемлекетаралық үйлестіру кеңесінің бірінші отырысы алдағы қараша айында өтеді", деп хабарлады. "Бұл кеңес - бұрынғы кеңестік кеңістіктегі бірден-бір үлгі, ол декларативтік емес, жұмысшы орган болады",- деді Өзбекстан президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны