02.04.2007, 18:26 3033

Қазақстан мен Польшаның дипломатиялық паспорттардың иелері 180 күннің ішінде екінші тарап мемлекетінің аумағында визасыз болуға құқылы

АСТАНА. 2-сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Польша азаматтарының өзара сапарларын тәртіпке келтіру мақсатында, ҚР сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының үкіметі мен Польша Республикасының үкіметі арасындағы дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің жобасын әзірлеген. Осы жылғы 29 наурызда Польша президенті Лех Качиньскийдің Астана қаласына ресми сапарының барысында тиісті келісімге қол қойылды. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Аталған келісімде дипломатиялық паспорттары бар әрбір тарап мемлекетінің азаматтары тоқсан (90) күнге дейінгі мерзімде, олар алғашқы келген күннен бастап жүз сексен (180) күннің ішінде екінші тарап мемлекетінің аумағында визасыз болуға құқылы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны