17.05.2010, 15:35 3721

Қазақстан мен Португалия арасында мәдениет, өнер, ғылым және білім салаларындағы біріккен жобаларды дамыту мүмкіндіктері талқыланды

Қазақстан мен Португалия арасында мәдениет, өнер, ғылым және білім салаларындағы біріккен жобаларды дамыту мүмкіндіктері талқыланды

Астана. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Португалия арасында мәдениет, өнер, ғылым және білім салаларындағы біріккен жобаларды дамыту мүмкіндіктері талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 14 мамырында екіжақты қарым-қатынас мәселелерін талқылау және дипломатиялық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы Қазақстан-Португалия келісімінің келіссөздер процесін аяқтау мақсатында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаевтың басшылығымен қазақстандық делегацияның Португалияға сапары болды.

Сапар барысында ҚР СІМ жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев Португалия Сыртқы істер министрлігінің шет елдегі португалиялық қауымдастық жөніндегі мемлекеттік хатшысы Антонио Брагомен кездесу өткізді. Кездесу нәтижесінде тиісті хаттама қабылданды. Қазақстан тарапынан кездесуге ҚР Португалиядағы төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарып жүрген Нұрлан Дәненов қатысты.

Сапар мақсаты - дипломатиялық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы Қазақстан-Португалия келісімінің келіссөздер процессін аяқтау, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалары бойынша екіжақты қатынастарды нығайту мәселелерін, сонымен қатар халықаралық ұйымдар форматындағы, ЕҚЫҰ-ны қоса, мәселелерді талқылау.

Сонымен қоса, кездесуде ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуіне дайындық, Португалия сыртқы істер министрі Луиша Амадудың Қазақстанға сапары жөніндегі мәселелері қозғалды, қосарланған салықты болдырмау және халықаралық автокөлік байланысы жөніндегі келісімдер жасасу мүмкіндігін қарастыруға дайын екендіктерін растады. Сондай-ақ, білім, ғылыми зерттеулер және технологиялар трансферті салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол жеткізілді.

Иңгімелесуші тараптар визалық келісімге қол қоюға дайындық жұмысына қанағаттанушылық танытып, жобасын толықтай мақұлдады.

Португалия сыртқы саяси ведомствосының басшылығы біздің еліміздің сыртқы саяси және экономикалық жетістіктерімізге жоғары баға берді, Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға қызығушылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да қазақстандық бастамаларға қолдау көрсете беретіндіктерін жеткізді.

Сонымен қоса, сапар аясында қазақстандық делегация Гудьбенкян атындағы қордың басшысы, "Партекс" компаниясының президенті Эмилио Руй Виллармен кездесті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны