06.12.2011, 12:51 4252

Қазақстан мен Португалия бірлескен бизнес-форум өткізу туралы келісім жасады

Хабарламада мәлімделгендей, кеше Латвия Сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевичспен кездесуде екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды.

Бонн. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР СІМ басшысы Ержан Қазыханов Бонн қаласында Ауғанстан жөніндегі халықаралық конференция шеңберінде Германия, Ирак, Индонезия, Малайзия, Қытай, Түркіменстан және өзге елдерден келген өз әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Хабарламада мәлімделгендей, кеше Латвия Сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевичспен кездесуде екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды.

Олар Қазақстанның 2015-2016 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болуға, ЭКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізу өтініштерінің келешегін сөз етті.

Бұл күні Е.Қазыханов Португалия Сыртқы істер министрі Паоло Порташпен кездесті. "Министрлер келісімшарт-құқықтық база жағдайын талдау және оны кеңейтудің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ қазақ-португал бизнес форумын дайындап, өткізуге келісті.

Е.Қазыханов АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі орынбасары Роберт Блейкпен де кездесті.

Бұл кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық келешегі, Ауғанстандағы және Орталық Азия аймағындағы жағдай тілге тиек болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны