31.07.2008, 17:45 6070

Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекарадағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қыркүйекте қол қойылады деп жоспарлануда - Кәрбозов

Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекарадағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қыркүйекте қол қойылады деп жоспарлануда - Кәрбозов

Астана. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекарадағы бірлескен бақылауды жүзеге асырудағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қыркүйек айында қол қойылады деп жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы Көрпеш Кәрбозов осы мекемеде өткен кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстан мен Ресей президенттерінің қатысуымен ағымдағы жылдың қыркүйек айында Ақтөбеде өтетін шекаралық өңірлердің жетекшілерінің форумы аясында біз Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекарадағы бірлескен бақылауды жүзеге асырудағы ынтымақтастық жөніндегі келісімнің тұсаукесерін өткізіп, оған қол қоюды жоспарлап отырмыз", - деді Қ. Кәрбозов.

Оның айтуынша, сондай-ақ, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Кедендік бақылау комитетінің басшылығымен Өскеменде Қазақстан мен Қытай шекарасында "Қалжат" және "Дулат" өткізу бекеттерінің негізінде бірлескен кедендік бақылауды енгізу жөніндегі сынақ жұмыстарының бірінші кезеңінің қорытындысын шығаруға бағытталған жиналыс өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны