30.01.2013, 11:37 17040

Қазақстан мен Ресей Бірыңғай өңірлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін құру туралы Келісімге қол қойды

Аталған құжаттың күшіне енуі Қазақстанның әуе кеңістігі және Ресейдің шекаралық аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізін құрайды, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Астана. 30-қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Бірыңғай өңірлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін құру туралы Келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталған құжаттың күшіне енуі Қазақстанның әуе кеңістігі және Ресейдің шекаралық аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізін құрайды, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Келісімге қол қою Қазақстан Қорғаныс министрі Иділбек Жақсыбеков пен елімізде алғашқы ресми сапармен жүрген Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгудің келіссөздері нәтижесінде болып отыр.

"Келіссөздер барысында екіжақты әскери және әскери-техникалық әріптестік, Қазақстанда шоғырланған Ресей Қорғаныс министрлігінің сынақ полигондарын пайдаланудың кейбір аспектілері, сондай-ақ әскери білім беру саласындағы ынтамақтастықты одан ары дамыту мәселелері талқыланды. Бүгінде Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарында алты жүзден астам қазақстандық әскери қызметшінің білім алып жатқаны айтылды", - делінген ақпаратта.

Кездесу қорытындысы бойынша И. Жақсыбеков пен С. Шойгу екі ел арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық маңызға ие екенін және оның Қазақстан мен Ресейдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, аймақтағы тыныштықты сақтауға бағытталғанын атап өтті. "Бұл ретте Қазақстан әскерінің Елбасы - Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен Қарулы Күштерді құру мен оны реформалаудағы нақты тәжірибесі айрықша маңызға ие", - деп атап өтті Иділбек Жақсыбеков.

Қазақстан Қорғаныс министрінің айтуынша, Ресей Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі болып табылады. Бұған тек тарихи және геосаяси факторлар ғана емес, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ортақ түсіністік негіз болып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны